Рухани Жаңғыру
Рухани Жаңғыру" - барлық қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен жаһандану сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласы. Мақала қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытудың, ұлттық бірегейлікті сақтаудың, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын насихаттаудың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл қасиеттер қазіргі заманғы қазақстандықтың негізгі бағдарына айналуы тиіс.