Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
28
апрель
2020

Әдістемелік кеңес (көру)

Әдістемелік кеңес медресенің әр түрлі қызметтері мен бөлімдерінің білім беру бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамытуға, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруды және педагогикалық кадрларды әдістемелік оқытуды үйлестіреді.

Кеңестің негізгі міндеттері:
1)  оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын бақылауды ұйымдастыру;
2)  медреседе жарияланған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды жариялауға арналған сараптаманы ұйымдастыру және жоспарлау;
3)  медреседегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4)  әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдірудегі озық тәжірибені жалпылау және тарату;
5)  оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
6)  сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіндегі әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
7)  медреседе әдістемелік жұмысты үйлестіру;
8) медреседе жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды жетілдіру, әдістер, оқыту құралдары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
9)  педагогтердің шығармашылық (тұрақты және уақытша) оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;
10) оқытушылық құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
11) білім беруді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны жүзеге асыруда басым бағыттарды қалыптастыру.

 

Кеңестің негізгі қызметі:
1)  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары сараптауды ұйымдастыру;
2)  жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және бекіту;
3)  медреседегі оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
4)  білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жетілдіру бойынша талқылау және ұсыныстар;
5)  оқулықтарды, оқу құралдарын, соның ішінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын және дидактикалық материалдарды дамытуды ұйымдастыру;
6) оқу, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.

Әдістемелік кеңес жоспары_2019-2020 жж. dstemelk-kees-zhospary_2019-2020-zhzh.rar [82,98 Kb] (cкачиваний: 93)