Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТАРИХЫ»
22
сентябрь
2018

«ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТАРИХЫ»

Колледждің іргетасы 2011 жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қолдауымен Әбу Ханифа медресесі, яғни «ӘХМ» болып ашылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 10.05.2011 жылы №0142685 «Рухани білім беретін оқу бағдарламалары» мамандығымен айналысуға мемлекеттік лицензия берілді.

Мамандық: «Рухани білім беру бағдарламасы»
2011-2016 ж.ж.

2015 жылы «24» қарашада Алматы қаласының Әділет бақармасынан заңды тұлға ретінде Әбу Ханифа медресе колледжі болып мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау коммитеті Алматы қаласы білім саласындағы бақылау департаменті 18.08.2016 жылғы №342 бұйрығымен берілген №KZ79LAA00007509 кәсіптік орта білім беру саласында білім беру қызметін жүргізетін құқығы көрсетілген мемлекеттік лицензия берілді. 

Мамандық: 02210100 - ИСЛАМТАНУ
Біліктілік: 4S02210103 - «ИМАМ-ХАТИБ» 


КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ - Исламтану саласы бойынша бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, қоғамның ғылыми және рухани діни әлеуетін
көтеру.
Колледж миссиясының нәтижесін бағалау - Әбу Ханифа медресе колледжінің миссиясы, стратегиясы, саясатының негізгі басымдығы білім беру процессының инновациялық сипаты мен білім алушыларға ұсынатылатын білім беру бағдарламаларының маңызды принциптерін пайдаланып, мамандарды даярлаудың сапасын арттыру болып табылады.

КОЛЛЕДЖДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ - жаңа технологияны қолданып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау, білім алушыларды оқыту және қызметкерлердің жағдайын жақсарту. 

ӘБУ ХАНИФА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ МІНДЕТІ - мамандар даярлауды кәсіби деңгейге шығару және мамандарды дайындаудың аккредиттелген бағдарламалары бар таңдаулы колледж құру, білім беру, зерттеу және нарықтық бәсекеге қабілетті ортада кәсіби бағыттағы оқу орындары арасында алдынғы орындарға шығу; кәсіби деңгейдегі бәсекеге қабілетті ортада өз елінің мүддесіне бағытталған білікті маман ретінде түлектер дайындау.