Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Әбу Ханифа медресе колледжінің 2021-жылғы түлектері емтихан тапсырды
22
июнь
2021

Әбу Ханифа медресе колледжінің 2021-жылғы түлектері емтихан тапсырды

 Биыл мемлекеттік емтихан әлемдік пандемияға байланысты  шәкірттермен онлайн негізде жүргізілді.  Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа  бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Аманқұлов Хасан Ташайұлы  және комиссия мүшелері Ақтөбе медресе колледжінің директоры Дауренбеков Абдимутали Қайназарович,   «Әбу Ханифа» медресе колледжінің ұстазы Мұратқалы Түлкібаев және медресе колледж директоры Маханбет Құлмұхаммед Пірманұлы қабылдады.Сөз кезегінде комиссия төрағасы Аманқұлов Хасан ташайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.


Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақты ойдағыдай тапсырып шықты. Айта кетейік, биыл медресе колледжімізді 37 түлек тәмамдап отыр.



Үздік бітірген шәкірттер білімін ары қарай жалғастыратын болады.

Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив