Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ
30
май
2023

БАС МҮФТИ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Алматы қаласында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі мен «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен фиқһ пәнінен V республикалық медресеаралық олимпиада өтті.
Білім сайысына еліміздегі 9 медресе-колледжде оқитын шәкірттері қатысып, өзара жүзден жүйрікті анықтады. Медресеаралық олимпиада жеңімпаздарын ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттап, шәкірттерге батасын берді. Сондай-ақ олимпиаданың өтуіне атсалысқан «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Маханбет Құлмұханбетке және білім ордасы ұжымына алғысын білдірді. Бас жүлде иегеріне «Нұр-Мүбарак» университетіне тегін оқу гранты берілсе, қалған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.



Білім сайысының 3-курс студенттері арасында жеңімпаздары төмендегідей:Бас жүлде («Нұр-Мүбарак» университетіне тегін оқу гранты) – Темірлан Хакім («Шымкент» медресе-колледжі);
І орын (Ұмраға жолдама) – Назарбай Өтегенұлы («Астана» медресе-колледжі); 
ІІ орын (100 мың теңге) – Темірлан Рахметуллин («Сарыағаш» медресе-колледжі); 
ІІІ орын (75 мың теңге) – Айдын Сұлтанов («Орал» медресе колледжі).
 


2-курс шәкірттері арасында:I орын (150 мың теңге) – Момбек Мсахан («Шымкент» медресе-колледжі)
ІІ орын (100 мың теңге) – Мақсат Азаматұлы («Астана» медресе-колледжі);
ІІІ орын (50 мың теңге) – Бекзат Болатов («Ақтөбе» медресе-колледжі).
Бір күнге созылған білім додасында «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, PhD докторы Ерғали Алпысбаев (төраға), ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин және «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Нұржан Смағұлов Нұржан төрелік жасады.
Айта кетейік, биылғы олимпиаданың ерекшелігі – 3-курс шәкірттері үшін  араб тілінде өтуі. Бірінші кезеңде қатысушылар фикһ пәнінен тест тапсырса, екінші кезеңд
е араб тілінде берілген видеосұраққа жауап берді. Одан бөлек шәкірттерге берілген діни мәтінді оқып, оны аударып беру тапсырылды.

Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив