Пітір садақасы бойынша ҚМДБ мәлімдемесі
Ардақты ағайын! Жыл сайын Рамазан айы қарсаңында пітір садақасына қатысты бірнеше екіжақты мағынадағы көптеген пікірлер туындайды. Сол себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайларға қатысты қайталап түсіндіріп кетуді орынды деп санайды. Мұсылман баласы садақаны шынайы ниетпен береді. «Садақа» сөзінің мағынасы да осы: шыншылдық, құдайшылдық, адалдық... Тегінде садақа беруші оның игілігін әуелі өзге емес, өзі көреді. Ниетіне сәйкес, күнәсі кешіріледі, түрлі сынақтан аман қалады,