Медресе колледж шәкірттері Д.Қонаев мұражайына барды
Әбу Ханифа медресесінің 1-курс шәкірттері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының тарихи-танымдық мұражайына барды Бүгін Әбу Ханифа медресе колледжінің 1-курс шәкірттері Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, ел тарихында өшпес із қалдырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи-танымдық мұражайына арнайы барып, тағылымды экскурсия жасады. Сапар барысында шәкірттер Қонаев атамыздың өмір жолы, қызметтік кезеңдері, ел басқарудағы еңбектері және тұлғалық болмысы жайлы мол мағлұмат алды. Мұражай