Медресе колледж шәкірттері Д.Қонаев мұражайына барды
Әбу Ханифа медресесінің 1-курс шәкірттері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының тарихи-танымдық мұражайына барды
Бүгін Әбу Ханифа медресе колледжінің 1-курс шәкірттері Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, ел тарихында өшпес із қалдырған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихи-танымдық мұражайына арнайы барып, тағылымды экскурсия жасады.
Сапар барысында шәкірттер Қонаев атамыздың өмір жолы, қызметтік кезеңдері, ел басқарудағы еңбектері және тұлғалық болмысы жайлы мол мағлұмат алды. Мұражай қызметкерлері тарихи деректерге толы құжаттар мен суреттерді, жеке пайдаланған заттарды таныстырып, тұлғаның ел дамуына қосқан үлесі туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Экскурсия шәкірттердің ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, мемлекет қайраткерлерінің өмірін үлгі тұтуға бағытталған мазмұнды танымдық шара болды.





