Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» «Әбу Ханифа» медресесі колледжі түлектерінің бітіру кеші өтті.
23
июнь
2022

«Әбу Ханифа» медресесі колледжі түлектерінің бітіру кеші өтті.

«Әбу Ханифа» медресесі колледжі түлектерінің бітіру кеші өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ наиб мүфтиі, Мырзабаев Кенжеәлі, алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Толеби Оспан, «Әбу Ханифа» медресе колледжінің  директоры Маханбет Құлмұхеммед,  ұстаздарымыз қатысып, түлектерге ізгі лебіздерін арнады. ҚМДБ наиб мүфтиі Мырзабаев Кенжеәлі түлектерге білім жолының басты мақсат-міндетін айтып, ел дамуына қызмет қылуға шақырды. «Құдайға мың шүкір, тәуелсіздігіміздің келуімен біз ата дінімізбен, өз дәстүрімізбен қауыштық. Бұл бізге үлкен еңбекпен, қажыр-қайратпен келген күн. Сондықтан, сіздер, жастар білім алып, мамандық меңгеріп, ел үшін еңбек етуден жалықпаңыздар. Бүгінде білім-ғылым игеремін деген талапты жанға мүмкіндіктер, жағдайлар жасалған. Мемлекетіміздің қамқорлығымен жер-жерде мешіттер бой көтеріп, діни білім ошақтары, медреселер ашылуда. Діни басқарма медреседегі білім сапасын көтеріп, колледж дәрежесіне теңестірілді. Сіздерге берілген әрі жасалған осы жағдайларды дұрыс игеріп, ел мүддесі үшін қызмет қылыңыздар» деді наиб мүфти Мырзабаев Кенжеәлі ұстазымыз. Бұл кеште жырдан шашу шашылып,  түлектерге тілектерін білдірді. Қолына дипломы тиген түлектер енді еліміздің әр өңірінде дін жолындағы қызметтеріне кіріседі. Ал дін ілімін жалғастыруға ниетті жастар Алматыдағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам университетіне жол тартпақ.



 
 


Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив