Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » 2025 жылғы түлектер мемлекеттік емтихан тапсырды
23
июнь
2025

2025 жылғы түлектер мемлекеттік емтихан тапсырды

Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің 2025 жылғы бітіруші түлектері мемлекеттік емтихан тапсырып, өз білімдерін сынақтан өткізді.

Емтихан комиссиясының құрамына ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев төрағалық етті. Сонымен қатар комиссия мүшелері қатарында Алматы Орталық мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Қуаныш Әбішев және медресе-колледж ұстазы Алишер Ташбаев болды.

Комиссия төрағасы Серікбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының түлектерге жолдаған сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Шара басында «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммад Махамбет комиссия құрамын шәкірттерге таныстырып, емтиханға сәттілік тіледі. Ол бұл сынақтың – түлектердің діни білім жолындағы маңызды кезеңі екенін атап өтіп, алдағы өмірлерінде табыс, ілімде береке тіледі.

Емтихан дәстүрлі түрде билет арқылы және комиссия тарапынан қойылған қосымша ауызша сұрақ-жауап форматында өтті.
 
                                           
     
Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив