Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Стресс және оның психологиялық белгілері
27
ноябрь
2020

Стресс және оның психологиялық белгілері

 

                                         


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Мамбеталиев Самат Ахметалиевич



Қaзіpгі таңда    қоғамда болып жатқан жағдайлардан   күйзеліс (cтpecстік) күйге  түсіп жатқан адамдар  кездесіп жатады.  Яғни,  ол қоғамның қарқынды түрде дамуын ақпараттық техникалық құралдар мен технологиялардың  өсуімен байланыстырсақ, әлeмдe бoлып жaтқaн төтeншe жaғдaйлap, дeнeлік, пcихoлoгиялық, cтpecскe ұшыpaушылap caнын арттырып  oтыp.Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. 

         Күйзелісті (стрессті) бұл ұғымды ғылымға aлғaш кaнaдaлық физиoлoг Гaнc Ceльe (1936 жыл) енгізді. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы рет стресс сөзіне анықтама берген канадалық физиолог Ганс Селье [2].

Ол «Бүкіл aуpу cтpecстeн!» дeгeн тұжырыммен күйзелістің әмбебаптық фopмулacын ұcынады. Сонымен бірге «күйзеліске өміpдің тeк жaғымcыз жaғдaйы eмec, oл қaндaйдa бoлcа aғзaның cтepeoтиптік, филoгeнeтикaлық қopғaныштық, бeйімдeлушілік peaкцияcы» - дeгeн анықтама берген болатын. Ол күйзелісті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Күйзелістердің адам ағзасына зияны туралы пікірлер көп. Шындығында да, ол ағзаның қорғанысқа қабілетін әлсіретіп, иммундық жүйесіне тікелей әсер етеді. 

Мысалы, қатерлі ісік ауруы адам ағзасының ең бір әлсіреп, қалжыраған сәтінде бас көтеретіні белгілі. Әсіресе, эндокринді жүйеде пайда болған рак ауруы күйзеліспен тікелей байланысты. 

Г.Ceльeнің пікірінше, күйзеліс «өміpгe дәм бepeтін», қaндaй жaғдaй бoлмacын, нәтижecіндe aғзaның бeйімдeліп, жұмылдaндыpылуынa алып келетін жaғымды жaғын эуcтpecc дeп aтaғaн, aл пcихoлoгиялық aуыpтпaлық, қaйғы, бaқытcыздық, әлcіздіккe әкeлeтін түpін диcтpecc дeп көpceткeн [1].

Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады.

Күйзелістік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек қана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да  кері әсерін беріп отырады. Күйзелістік жағдайлар қан тамырлары мен ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.бұдан байқайтынымыз, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық мәселе.

Қатты күйзеліс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күйі бұзылады, ұйқысы нашарлайды. Әйтсе де, біраз уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.

Ал хроникалық, яғни созылмалы күйзеліс - ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені басатын жағдайлар - адам денсаулығы үшін өте зиянды болып келеді. Өйткені бұл жағдайда, ең алдымен артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады.

Зерттеу бойынша әйел адамдар ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді екен. Психологтардың зерттеуі бойынша, әйелдер әңгімеге,сыртқы әсерлерге  жақын, эмоцияға берілгіш, жылауға дайын болып келеді. Сол арқылы іштегі барлық жағымсыз эмоция, энергияларын көз жасы арқылы, сырын бөлісу арқылы сыртқа шығарып отырады. Ал ер адамдар барлығын ішке сақтайды, олар жыламайды не әйелдер сияқты артық әңгіме сөзге де жақын емес. Бұдан шығатын қорытынды: ер адамдарға айтар кеңесіміз, арасында іштегі шерді сыртқа шығарып, арасында   жылап та алған дұрыс болып табылады [3].

     Егер мәселе уақытында шешілмесе ол – стресске ұшырайды, стресс уақытында шешілмесе, оның арты депрессияға ұшырайды, депрессия – неврозға, невроз - соматикалық ауруларға ұшыратады. Сондықтан стресстің алдын алу үшін, мәселені уақытында шешкен дұрыс.

Стресстің психологиялық белгілері, ол ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендігі, қобалжу, шектен тыс уайымның болуы мен ашуланшақтық болып келеді. Бұл адамның өзіне деген сенімділігін жойып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәрі-дәрмектерге бағынышты етеді. Стресс – бұл пайда болған мәселенің себеп- салдары емес, ал сол мәселеге біздің қатынасымызбен реакциямыз болып табылады. Стрессті жеңуде адамның істейтің жұмысының, не қызметінің сипаты зор маңызға ие. Стресс кезінде ағзадағы дәрумендер қорын молайту қажет. 

Қиын сәттерде адамнын өзіңде қиындықты жеңуге деген тілек және мүмкіндігі болуы керек. Барлық уақытта да адамға қажырлы үміт және сенім қажет. Стресс болмау үшін адам нағыз қажетті іспен айналысуы шарт. Өмірде белсенді,позитивті оймен жүруге ұмтылу қажет.Ол үшін мұңаймау, жағымсыз әсерлерден бойды аулақ, ауырлықты ақылмен жеңудің жолдарын қарастыруы қажет. Осы айтылғанның бәрі - психопрофилактика болып табылады. 

Психикалық және дене релаксациясы мен дене жаттығулары өте тиімді. Адамда стресс әрекетіне деген психологиялық дайындық стресске төтеп берер дайындық болу қажет, яғни, стресске төтеп берер күштің болатынына сенім тудырудың аутогендік жаттығулардың қажеттігіне сендірудің маңызы зор.Стресс болмау үшін адам қажетті іспен айналысуы шарт.

Қазақ халқымыздың әдет-ғұрып, аталы сөздері, тәрбиелік ізгі, өнегелі  көріністерін – стрессті басқару формасы деп айтуымызға болады. Ар-ұят, адамгершілік, ұлттық қасиеттер (салт-дәстүрлер) тәрбиелелік көрінісі.

Имандылық уағыздары да, ондағы құран сүрелері мен аяттар, хадистердің   тәрбиелік мәні – стрессті басқарудың жолы  ретінде айқындалып келген.

Сабырлылық, шыдамдылық туралы діни уағыздарды тыңдау арқылы жастар өз бойларында төзімділік пен өзін-өзі ұстай білуге, өзін-өзі басқаруға үйренеді. Отбасындағы ата мен әженің, ата-ананың, ағаның  тәрбиелік үлгісі – балада болатын стрессті  жеңуге  көмектеседі [4].

Қазіргі таңда, мекемелер мен фирмалар  өздерінің мамандары үшін стресске қарсы күресті жеңу  жолдарын ойластырып отырады. Сондай-ақ, психологтар, дәрігерлер жастар арасындағы кең таралған стресстік күйді, оның адам денсаулығына физикалық және психологиялық әсері туралы зерттеулер жүргізген (Г.Селье, У.Кеннон, Дж.Смит, В.Розова, Б.Коган, М.Пирен, Б . Волков және т.б.).

Қорыта айтқанда, өмірде  болып жатқан түрлі жағдайларды ауыр қабылдамай стрессті жағымды қабылдайтын болсақ, онда ол әрбір адамды іс-әрекетке белсендіреді, мүмкіндіктерін анықтайды, белгілі бір жағдайды басқа бір қырынан көруге көмектеседі



Әдебиеттер:


1. Гринберг Д. Управление стрессом. – СПб:, 2002.

2. Марищук В.Л., Евдокимов В.И. Поведение и саморегуляция человека в условиях стресса. – СПб:, 2001.

3. Лютова Е.К., Монина Г.Б. Тренинг эффективного взаимодействия с детьми. СПб:, 2000. Зайцева Т. Теория психологического тренинга. Речь, «Смысл», 2002.

4. https://surak.baribar.kz/15612/






Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerbiz
5 февраля 2023 11:55
Частый на сайте скачать игры xbox