Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ 2020) туралы ақпарат
29
апрель
2020

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ 2020) туралы ақпарат

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ-ға тіркелу сілтемесі: https://ent2020-tipo.testcenter.kz/ 

ҰБТ 2020 бойынша тест орталығының бейне-ролигі
ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың ҰБТ 2020 бойынша мәлімдемесі (29.04.2020 ж.)

ҰБТ өткізіледі:
  1. - ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
  2. - республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  3. - республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  4. - республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  5. - республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  6. - ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;
  7. - ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.