Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Жанның азығы – жақсы сөз
27
октябрь
2021

Жанның азығы – жақсы сөз

Ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған асыл қазыналы сөздерді кітап халіне келтірер болсақ, қаншама мыңдаған түйеге жүк болары айдан анық! Себебі бұрынғы өткен бабаларымыз кісінің сөз саптау мәнерінен кім қандай ниет пен ықыласын байқап, соған қарай мәміле жасайтын болған. Бұл тұнып тұрған ғылым емес пе?!



Шынында  да, адамның адам  болуына, кемелденуіне дұрыс сөйлей білудің қосар үлесі зор. 
«Жақсы сөз айтушы мен тындаушыға жан рахатын сыйлайды» дегендей, адамдар бір-бірімен сөйлесу арқылы танып, өзіне жақын тартып, өзгеге де сөйлеген сөздерінің көркемдігімен өзін жақсы қырынан таныта алады. Ата-бабаларымыз әрқашанда жақсы сөздің адамдар ортасында атқаратын қызметі мен қай жерде қалай сөйлеуге  айрықша мән беріп, ұрпағының бойына тәрбиемен сіңіріп кеткен.
Ислам шариғатын бізге бағыт-бағдар етіп қалдырған ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) адамдар арасында жақсы қарым-қатынастың құралын тастап, дұрыс сөйлеуге әрдайым үгіт жасаған. Тілдің негізгі  қызметі жаратушы Аллаһ тағаланы  ұлықтап, мәні бар жақсы сөз сөйлеу. Мұның дәлелі Құран Кәрімде Ахзаб  сүресінің  70-аятында келген: 
«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан  қорқыңдар да, дұрыс  сөз сөйлеңдер».
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) деп бұйырған:
«Кімде-кім Аллаһ тағалаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Муслим, Иман 74) 
Яғни, дініміз орынсыз сөйлеуге тыйым салады. Орынсыз  сөйлеу, мағынасы  жоқ  әңгіме  айту  мұсылман  кісінің  иманына әсер етеді. 
Кейде өзіміздің аңғалдығымыздың кесірінен кейде сауапқа тап болып, кейде күнә да арқалап жататын кезіміз аз емес. Сол себепті Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) мына хадисін жеткізуді жөн санап отырмыз: 
«Адам Аллаһ разы болатын бір сөзді әншейін  айта салады да, сол себепті Аллаһ оның дәрежесін көтереді. Ал, басқа бір адам Аллаһ разы болмаған (күнәға  ұшырататын) бір сөзді айта салады да, сол себепті Аллаһ оны жәһәнәмның түбіне лақтырады». (Бұхари, Риқақ,23)
Адам баласы сөйлеген әр сөзі үшін жауап беретіндігі турасында төмендегі оқиға мән берсек.
Бір сахаба Муаз бин Жәбәл: 
-«Уа, Аллаһтың Елшісі! Сөйлеген сөзіміздің  барлығына  жауап  береміз бе? – дейді. Сонда  хазіреті  Пайғамбар (с.а.у): 
-«Адамдардың мұрындарымен жер сүзіп, тозақта  азапталуының басты себебі, осы тілдің кесірі» -деп жауап  берген. 
Тіл Аллаһ тағаланы зікір ету үшін  берілген  Оны мадақтап, ұлықтайтын сөздерді айтқан сайын жүрегімізде Оған деген сенім мен иманымыз күшейе  түседі. Ал, бос сөздер айтып, қылжақтау жүректі әлсіретіп, иманымызды әлсіретеді. Жүректен иман кетер болса, өмірдің мәні кетіп, сәнінен айырылады. 
Хазіреті Омар (р.а): 
«Кімде-кім  көп  сөйлер  болса, көп қателеседі. Көп қателесу күнәнің  көбеюіне  себеп  болады. Ал, күнәһар адамның барар жері тозақ қана»- дейді.
Сондықтан нағыз адам болу үшін сөзіміз бен іс-әрекетімізді  Құран мен Сүннетке лайықты етуіміз шарт. Адамды уәзір ететін де әрі құл етітін де осы тіл. Дана халқымыз «Басқа бәле тілден» деп бекер айтпаса керек.
Кейде, сөйлей алады екем деп бос лепіре беріп, өзіміздің адамгершілігімізге, пайым-парасатымызға, ақыл-санамыз бен имандылығымыздың айнасына сызат түсеретінімізден беймәлімбіз.
Жақсы сөйлеу мәдениеттілік, имандылықтың ғана емес, қарым-қатынаста жұмсақтық, жайдарлық дарытатын күш екенін  білгеніміз  жөн. Біреудің көңілін қалдыратын ауыр сөз не жаман сөзден гөрі, адамның мерейін өсіріп, жанына жылылық сыйлайтын жақсы сөз  шыққанға не жетеді?!
 
Нұрбосынов Ғани Бейсенұлы
«Қаскелең қалалық» мешітінің Бас имамы,
«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы


Мақала islamkaz.kz сайтында жарияланылды!
Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwerbiz
5 февраля 2023 10:44
Подробнее тогда xbox fan сайт
klsieolwerbiz
5 февраля 2023 13:51
Во всех деталях на сайте xbox fan сайт