10
декабрь
2024
Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері ҚР Ұлттық кітапханасына барды
Алматы қаласындағы Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық сапар жасады.
Экскурсия барысында студенттер кітапхананың тарихымен, кітап қорының байлығымен және сирек кездесетін қолжазбалармен танысты. Сонымен қатар, олар кітапхана қызметкерлерінен кітап қорын сақтау, цифрландыру және оқырмандарға қызмет көрсету жүйесі туралы қызықты мәліметтер алды.
Бұл сапар студенттердің білімге деген құштарлығын арттырып, кітап оқу мәдениетін дамытуға ықпал етті. Медресе колледжі басшылығы осындай танымдық шаралардың жастар үшін маңызды екенін атап өтті.
Ұлттық кітапхана өкілдері де студенттердің қызығушылығын жоғары бағалап, болашақта осындай кездесулерді жиі өткізуге ниетті екенін жеткізді.