Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Адал азамат» бағдарламасы таныстырылды
13
сентябрь
2025

«Адал азамат» бағдарламасы таныстырылды

Әбу Ханифа медресе колледжінде «Адал азамат» бағдарламасы таныстырылды

Әбу Ханифа медресе колледжінің ұжымы «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасымен танысуға арналған арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында бағдарламаның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, оны оқу орнының күнделікті тәрбие жұмысына тиімді енгізу жолдары қарастырылды.

Бағдарламаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық пен әділдікке деген сенімді қалыптастыру, отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сынды асыл құндылықтарды сіңіру.

Колледж басшылығы мен ұстаздар қауымы бұл бастаманы жоғары бағалап, оны оқу-тәрбие процесінде кеңінен қолдануға ниетті екендіктерін білдірді.




Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив