29
ноябрь
2025
Әбу Ханифа медресе-колледжінің ұстазы “Қаржылық сауаттылық” бойынша 80 сағаттық курсты аяқтап, сертификат алды
Әбу Ханифа медресе-колледжінің ұстазы “Қаржылық сауаттылық” бойынша 80 сағаттық курсты аяқтап, сертификат алды
Әбу Ханифа медресе-колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мамбеталиев Самат “Өрлеу” БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты ұйымдастырған 80 сағаттық офлайн “Қаржылық сауаттылық” курсын сәтті аяқтап, арнайы сертификатқа ие болды.
Курс 2025 жылдың 24–28 қараша күндері өткізілді. Бағдарлама мұғалімдердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға, жеке қаржыны басқару, қаржылық қауіпсіздік, инвестиция негіздері, бюджет жоспарлау және заманауи қаржы құралдарын тиімді пайдалануға бағытталды.
Мамбеталиев Самат алған білімдерін оқу процесінде қолдана отырып, шәкірттердің қаржылық мәдениетін дамытуға үлес қосуды жоспарлап отыр.