Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Мұхтар Мағауиннің рухани мұрасына жақындатқан маңызды кездесу
05
декабрь
2025

Мұхтар Мағауиннің рухани мұрасына жақындатқан маңызды кездесу

Әбу Ханифа медресе-колледжінің шәкірттері Мұхтар Мағауиннің рухани мұрасына жақындатқан маңызды кездесуден зор әсер алды

Әбу Ханифа медресе-колледжінің шәкірттері Qasymkitap баспасы ұйымдастырған ерекше рухани-әдеби кездесуге қатысып, қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Мұхтар Мағауиннің шығармашылық әлемімен бұрынғыдан да жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Кештің қонағы – әйгілі жазушының ұлы Едіге Мағауин.

Кездесу барысында Едіге Мағауин әкесінің “Мен” атты автобиографиялық шығармасының жазылу тарихын, оны дүниеге әкелген толғаныс пен ішкі рухани күйді әсерлі түрде баяндады. Ол Мұхтар Мағауиннің жазушылық ұстанымы, адамдық болмысы, тарихи санаға деген жауапкершілігі жөнінде тың естеліктерімен бөлісіп, шәкірттерге үлкен ой салды.

Әбу Ханифа медресе шәкірттері бұл басқосудан рухани тәрбиеге, әдеби талғамға және ұлттық құндылыққа қатысты көптеген пайдалы мәлімет алып, тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін маңызды сабақтар түйді. Кездесу олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Мұхтар Мағауин шығармашылығына жаңаша көзқарас қалыптастырды.

Шәкірттер үшін бұл — қазақ әдебиетінің алып тұлғасының мұрасымен тікелей танысуға мүмкіндік берген, терең мазмұнды әрі шабыт сыйлаған тағылымды шара болды.



Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив