Абу Ханифа
Байланыс телефоны:
7 (707) 551 55 05
Электронды пошта:
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » KazNU Robotics Hub зертханасына экскурсия
23
октябрь
2025

KazNU Robotics Hub зертханасына экскурсия

Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері KazNU Robotics Hub зертханасына экскурсия жасады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанында құрылған KazNU Robotics Hub робототехника зертханасына Әбу Ханифа медресе колледжінің студенттері арнайы барып, орталықтың жұмысымен жақын танысты.

Экскурсия барысында студенттерге зертханада жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар, жасанды интеллект, автоматтандыру жүйелері мен білім беру бағытындағы жаңа технологиялар таныстырылды. Орталық мамандары болашақ мамандарға робототехника саласының даму үрдістері, құрылғылардың жұмыс принциптері және ғылыми зерттеулердің маңызы жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

Студенттер зертханада құрастырылып жатқан түрлі робот үлгілерін, инженерлік жобаларды өз көздерімен көріп, тәжірибелік үдерістерге қатысуға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара олардың техникалық ой-өрісін кеңейтіп, заманауи инновация әлеміне тереңірек үңілуіне жағдай жасады.

KazNU Robotics Hub-қа жасалған бұл танымдық сапар студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауда қосымша мотивация берді.







Пікір қалдыру
Суреттегі кодты енгізіңіз:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив